Тоқтасын Ысқақұлы Бұзыбаев (8 мамыр 1949, Уба-Форпост ауылы, Жаңа Шүлбі ауданы, Семей облысы, Қазақ КСР) — әскери қызметкер, генерал-майор (1995). 1967 жылдың 1 шілдесінен Қарулы Күштер қатарында. Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жоғары шекарашылар командалық училищесін (1971), Мәскеудегі Әскери академияны (1981) бітірген. ҚР Шекара әскері қолбасшысы қызметіне тағайындалғанға дейін (1997), Шығыс шекара округінде застава бастығының, кейін отряд бастығының саяси жұмыстар жөніндегі орынбасарлығынан бастап, ҚР Шекара әскерлері Қолбасшысының орынбасары, ҚР Қорғаныс министрінің айрықша тапсырмалар жөніндегі офицері — адьютанттар бөлімінің бастығы, ҚР Қорғаныс мининисрлігі Бас штабы бастығының бірінші орынбасары қызметіне дейін көтерілді. Бірнеше жауынгерлік наградалармен марапатталған.

Сілтеме Әскери-саяси зерттеулер орталығы ТМД атқару комитеті

Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том

Санат:Қазақстан генерал-майорлары