Варваризмдер(грек. barbarіsmos — бөтен елдік) — сөйлеу не жазу кезінде орынсыз қолданылған басқа тілден енген сөздер. Мысалы, қазақ тіліндегі 19-шы ғасырдағы кейбір жазбаларда араб, парсы сөздерінің, 20-шы ғасырдағы ауызекі тіл мен жазбаларда орыс сөздерінің орынсыз қолданылуы жиі байқалған. Ғылым, техника жаңалықтарына, т.б. байланысты бір тілден екінші тілге сөз ауысып отырады. Мұндай қажеттіліктен болатын тарихи құбылыстар Варваризмге жатпайды.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3 «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том Дереккөздер
Санат:Қазақ тілі