Директриса () — 1) Әскери оқу орталығының немесе артиллериялық полигонның әскери бөлімшелерді және жеке құрамды жаттықтыруға, атысқа үйретуге, ұрыстык атыс жүргізілетін тактикалық жаттығуға арналған бағыты (жергілікті жер жолағы). Артиллериялық, танктік, ұрыстық машинаға арналған т.б. түрінде болуы мүмкін. Директриса нысана алаңымен, бақылау мен басқару пункттерімен және байланыс құралдарымен жабдықталады. 2) Атыс секторының ортасы мен атыс ойығының орталығы арқылы өтетін, қорғаныстык құрылыска орнатылған атыс қаруының (пулеметтің) ату бағыты.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс