Тайвань (ресми түрде Қытай Республикасы деп аталады, ; бір аттас аралдың атауымен жиі қолданылатын атауы Тайвань, көп бөлігі республиканың бақылауындағы аймақтар) — Шығыс Азияда орналасқан жартылай мойындалған мемлекет. Тайвань халқының саны 2020 жылы 23,600,903 адам болды. Көлемі 35,980 шаршы км болғандықтан, халқының тығыздығы 652.11 шаршы км адамға тең. Қазіргі кезде халқының саны 23 млн. адам. Тайваньдықтар бірнеше этникалық топтарға бөлінеді, олардың ішінде ең ірісі хандзулар. Тайвань ең тығыз елдердің бірі. Батыс өңірі тығыздау болып келеді, жергілікті халқы ханзулықтармен тауларға ығыстырылған. 3 миллионер-қаласы бар: Тайбэй, Гаосюн, Тайчжун.
Тайвань Жапония мен Филиппиндер аралдарының арасында, Тынық мұхиттың батысында орналасқан. Тайвань мемлекетіне Тайвань аралы, Пэнху архипелагы (Пескадор аралдары), Киньмэнь (Кемой), Мацу және т. б. аралдар кіреді. Тайваньның ресми атауы 1912 жылдың 1 қаңтарында «Қытай Республикасы» деп қабылданған. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің құрамында болған (1971 жылы БҰҰ Қытай Республикасының орнын Қытай Халық Республикасына берді). Қазіргі уақытта бұл атаумен Конституция ескіргендіктен, басқа атау қабылдау керек деген әңгіме қозғалып жатыр.
Тайвань халқының 90 пайызға жуығы өзін Тайвандық деп есептейді.
Ескертпелер
Дереккөздер
*