Жуантөбе – Ерейментау тауының орталық бөлігіндегі тау. Теңіз көлінің солтүстік-батыс жағында 10-12 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 367 м. Ұзындығы мен ені 1,5-2 км. Таудың шығысында 3 км жерде Тайғақкөл көлі жайласқан. Беткейі көлбеу, аз тілімденген, тау басына жақын жерде түпкі жыныстар бетіне шығып жатыр. Солтүстік, шығыс және оңтүстік беткейлері етегінде сор жерлер көптеп кездеседі.

Геологиялық құрылымы Девонның жыныстарынан түзілген. Оның бетін делювийлі-пролювийлі шөгінділер жапқан.

Өсімдігі Күңгірт қоңыр топырағында бетегелі-боз өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ерейментау ауданы таулары