Жұмырбас кесірткелер () – ешкіемерлер тұқымдасының бір туысы.
Батыс және Орталық Азияның құмды жерлерінде мекендейтін 30-дай түрі белгілі.
Денесі жалпақ, басы жұмыр, артына қарай иілген құйрығы бар. Денесінің ұзындығы 25 см-дей. Денесі бірыңғай ұсақ қабыршақтармен жабылған. Аяқтары жақсы дамыған. Жұмырбас кесірткелерде алқым (тамақ) қапшықтары болмайды. Түсі өзі тіршілік ететін топырақ түстес болып келеді. Жұмырбас кесірткелердің барлық түрі жұмыртқа (1–7-ден) салып көбейеді, тек тибеттік түрі ғана баласын тірі туады.
Ұсақ жәндіктерді, олардың дернәсілдерін, т.б. омыртқасыздарды, сондай-ақ, шырынды өсімдіктерді де жейді. Жұмырбас кесірткенің Қазақстанның шөл және шөлейтті аймақтарында таралған 7 түрі бар, оның ішінде өте жиі кездесетін түрі – батбат кесіртке, ал сирек кездесетін жұмырбас шұбар кесіртке (P. versіcolor) мен Зайсан жұмырбас кесірткесі (P. melanurus) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996).Қазақ энциклопедиясы, 4 том;
Дереккөздер
Санат:Ешкіемерлер Санат:1825 жылы зерттелген жануарлар