Бақытжан Әлімбайұлы Әбішев (17 шілде 1947, Ақтөбе - 18 қаңтар 2017, Алматы) — суретші, мүсінші. Қазақстан суретшілер одағының мүшесі.

Өмірбаяны Алматы орта мектебінің 10 жылдық сыныбын және Алматы Гоголь атындағы сурет училищесін 1969 жылы аяқтағаннан соң, Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтына оқуға түсті.

Шығармашылығы 1971 жылы Мәскеу қаласында жас суретшілердің «Шетел әдебиетінің кітапханасы» көрмесінен бастады. Содан бері республикалық, бүкілодақтық көрмелердің тұрақты қатысушысы. 1975 жылы бастап, республиканың қайраткерлері: Жасыбай, М. Әуезов, Әл-Фараби, Берсиев және т.б бейнелері сомдалды. Сонымен қатар республикадағы монументальды жұмыстардың авторы: Тоқаш Бокин ескерткіші (Алматы қаласы) Ұлы Отан соғыстарының құрбандарына қойылған «Әлия Мәншүк» «Қаныш Сәтпаев» «Ауған соғысының құрбандарына» қойылған ескерткіштердің жобасына қатысушы және т.б. Алматы қаласындағы қоғам қайраткерлерінің аллеясындағы Әл-Фараби Махамбет Күләш Байсейітова Алматы қаласындағы Жамбыл ескерткіші Бұқар жырау ескерткіші Мәшһүр-Жүсіп Көпеев ескерткіші Павлодар облысы Баянауыл ауылындағы С. Торайғыров ескерткіші Ақтөбе облысындағы Әлия Молдағұлова ескерткіші. Республиканың қалаларындағы мұражайларында сондай-ақ шет елде станоктік сипаттағы жұмыстар орналасқан. «Олимпиядашыл» атты еңбегі Швейцариядағы Лозаннада олимпиада комитетінің штаб пәтер мұражайында «Күйші» Германиядағы жеке жиынтығында «Томирис» Мәскеуде орналасқан. Оның жұмыстарының жекелеген даналары ҚР Президентінің резиденциясында қойылған. ҚР мемлекеттік сыйлығы авторы ҚР Президентінің әлемдік рухани келісім сыйлығы белгілерінің авторы.

Марапаттары Қазақстан Республикасы Ленин Комсомолы сыйлығының лауреаты. Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың иегері.

Отбасы Үйленген. Жұбайы - Шәмшігүл Мырзабекқызы Меңдиярова (1947 жылы туған ), М. Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының Еңбек сіңірген актрисасы. Ұлы - Еркін (1978 жылы туған); қызы - Санди (1980 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:17 шілдеде туғандар Санат:1947 жылы туғандар Санат:Ақтөбеде туғандар Санат:КСРО мүсіншілері Санат:Қазақстан мүсіншілері Санат:Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегерлері Санат:2017 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар