Каменка — Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы ауыл, Қарақыстақ ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Құлан ауылынан шығысқа қарай 15 км жерде, Қарақыстақ өзенінің жағалауында, бетеге, селеу, т.б. астық тұқымдасты шөптесін өскен тауалдының қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты қоңыржай агроклиматтық белдемінде орналасқан.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен2454 2675 109 1232 1353 109,8 1222 1322 108,2

Тарихы 1957–1997 жылы аралығында қой өсіретін «Коммунизм жолы» ұжымшарының орталығы болып келді. Оның негізінде Қазақстанда және округке қарасты Жаңатұрмыс, Еңбекші ауылдарында 2 ӨК, 122 шаруа қожалығы және 3 серіктестік құрылды.

Инфрақұрылымы Ауылдарда 4 орта, 2 бастауыш мектеп, 3 кітапхана, 2 клуб, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшер-акушерлік және фельдшер пункт бар. Елді мекен Алматы – Тараз автомагистралі бойында орналасқан. Жақын темір жол стансасы – Луговой (18 км).

Дереккөздер

Санат:Тұрар Рысқұлов ауданы елді мекендері