Темірбек Жүргенов (2020 ж. дейін — Комсомол)Ақтөбе облысының кейбір елді мекендерін қайта атау және атаудың транскрипциясын өзгерту туралы — Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы ауыл, аудан (1966 жылдан) және Темірбек Жүргенов ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Облыс орталығы - Ақтөбе қаласынан шығысқа қарай 230 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 5065 адам (2622 ер адам және 2443 әйел адам) болса, 2009 жылы 6108 адамды (3015 ер адам және 3093 әйел адам) құрады2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том .
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 7167 адамды (3694 ер адам және 3473 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы Іргесі 1955 жылы тың жерлерді игеру кезінде астық кеңшарының орталығы ретінде қаланған. Ауылда баспахана, ауыл шаруашылығы техникасын жөндейтін цех, т. б. шаруашылық мекемелері бар.
Ауыл суреттері
Дереккөздер
Санат:Әйтеке би ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері