Гостивар — Македонияның Полог аймағында жатқан қалаhttp://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B8%D0%B2%D0%B0%D1%80. Ол Шар тау сілемдерінің бөктерінде орналасқан. Сондай-ақ қала Гостивар қауымдастығының әкімшілік орталығы болып табылады.
Гостивардағы халық саны — 35 847 адам.
19-ғасырда Осман империясы тұсында ол каза (әкімшілік бірлік)орталығына айналады.
Болгар этнографы Васил Кынчовтың деректеріне сәйкес 19-ғасырдың аяқ тұсына қарай қаладағы тұрғындар саны 3735 адамды құраған. Оның 3100-і түріктер, 310-ы болгарлар, 100-і албандар, 25-і влахтар, ал қалған 200-і сығандар болған.
Ал 2002 жылы өткен халық санағына сүйенсек қалада: Македондықтар: 11 885 (33,15 %) Албандар: 16 890 (47,12 %) Түріктер: 4 559 (12,72 %) Сығандар: 1 899 (5,3 %) Влахтар: 15 (0,04 %) Сербтер: 146 (0,41 %) Босниялықтар: 34 (0,09 %) Басқа ұлттар: 419 (1,17 %)
Дереккөздер
Санат: Македония Санат: Қалалар