thumb|right|200px|Бенедикт Лившиц. Киев, 1921 жыл Бенедикт Константинович (Наумович) Лившиц (6.01.1887, Одесса - 21.09.1938, Санкт-Петербург – орыс ақыны, аудармашы, футуризмді зерттеуші.
Өмірі
1887 жылы 6 қаңтарда Одессада дүниеге келген. Новоросийск және Киев университетінде заң факультетінде оқыған. Оқуын бітірген соң армияға кетеді. Азаматтық борышын өтеп болған соң, Киевке оралады. 1909 жылы Н.С. Гумилёвтың «Остров» журналында жұмыс істейді. 1910 жылы оның 3 өлеңі петербург журналы «Аполлонда», ал 1911 жылы «Флейта Марсия» атты бірінші жинағы жарық көреді. 1911 жылыдың қыс айында Лившиц суретші Александра Экстердің арқасында Бурлюк ағайындыларымен танысады. Ағайындылармен қосылып шығармашыл «Гилея» тобын құрады.
Соғыстағы батырлығы
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде жарақат алған, көрсеткен батырлығы үшін Георгий крестімен марапатталған. 1914 жылы православиені қабылдайды.
Еңбектері
1914 жылы Херсонда «Волчье солнце», 1922 жылы Киевте «Из топи блат», 1926 жылы Мәскеуде «Патмос», 1928 жылы «Кротонский полдень» өлең жинақтары шығады. 1928 жылы «Картвельские оды» кітабын жазуды бастаған.
Аудармалары
Революцияға дейінгі кезеңде әдеби-шығармашыл аудармамен айналысқан. 1934 жылы француз тілінен аударған «От романтиков до сюрреалистов» атты аударма жинағы арқылы аты елге жайылған.
Отбасы
Әйелі – Е.К. Лившиц (1902–1987), ұлы – Кирилл Лившиц 1925 жылы туған, 1942 жылы Сталин соғысында қаза тапқан.
Өлімі
1937 жылы қазанда Лившиц тұтқындалып, 1938 жылы 21 қыркүйекте Юрий Юркунов және Валентин Стеничпен бірге атылу жазасына кесілген. Кейбір мәліметтерге жүгінсек оның жүрегі тоқтап қайтыс болған делінеді.
Шығармалары
Полутораглазый стрелец. Л.: Издательство писателей, 1933. От романтиков до сюрреалистов: Антология французской поэзии. 1934. «Французские лирики XIX и XX веков», 1937 У ночного окна. М.: Прогресс, 1970. («Мастера перевода») Полутораглазый стрелец: Стихотворения, переводы, воспоминания Полутораглазый стрелец: Воспоминания, 1991.
Дереккөздер
Санат:6 қаңтарда туғандар Санат:1887 жылы туғандар Санат:Одессада туғандар Санат:21 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:1938 жылы қайтыс болғандар Санат:Санкт-Петербургте қайтыс болғандар Санат:Әулие Геогрий ордені белгісінің иегерлері Санат:Ресей ақындары Санат:Орыс ақын-футуристері Санат:КСРО мемуаршылары Санат:Ресей аудармашылары Санат:КСРО аудармашылары Санат:Поэзияны орыс тіліне аударушылар Санат:Француз тілінен аудармашылар Санат:Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар Санат:Орыс футуризмі Санат:Орыс авангарды ақындары Санат:Орыс авангарды мемуаршылары Санат:КСРО-да қуғындалғандар Санат:КСРО-да ақталғандар Санат:Қайтыс болғаннан соң ақталғандар Санат:Өлім жазасына кесілген жазушылар Санат:Ришельев гимназиясы түлектері Санат:Киев университеті түлектері Санат:Санкт-Петербург ақындары Санат:Левашов мемориалды зиратында жерленгендер