Алишан немесе Серкан Бурак Текташ (1976 жылы 19 маусымда Ыстамбұл қаласында дүниеге келген) – арабеск және поп музыка әншісі, кино және телехикая актері, бағдарлама жүргізушісі http://tr.wikipedia.org/wiki/Ali%C5%9Fan .

Биографиясы

Балалық шағынан музыкаға әуес еді. Екі жасында Ибрахим Татлысестің «Сабуха» және Иззет Алтынмешенің «Маден дагы» атты әндерін жатқа білетін. Лицейдегі алғашқы жылында әкесінің материалдық жағынан қолдауының арқасында бірінші үнтаспасын шығарады. Кейін 1996 жылы Крал Мюзик қолдауымен «Aşık Oldum» атты альбомы жарық көреді. «Престиж Мюзик» фирмасының серіктесі Хилми Топалоглу Алишанды өз қарамағына алып, осы фирманың тағы бір серіктесі атақты әнші және актер Махсун Кырмызыгүлдің көмегімен 1997 жылы «Sana Bir şey Olmasın» атты альбомын шығарып, танымалдыққа қол жеткізеді. 1999 жылы «Var Ya» үшінші альбомы шығып, «Aynali Tahir» телехикаясында алғашқы рөлін сомдайды. Кейін «Kurt Kapanı» телехикаясында да ойнайды. «Roman olsun» және «herşey dahil» бағдарламаларын Чагла Сикелмен бірге жүргізген. 2010 жылы 15 айлық әскерлік борышын өтеп, әскерлердің көңіл-күйін көтеру мақсатымен 300-ден астам концерт берген. 2011 жылы оныншы альбомы жарық көріп, FOX телеарнасында Шикел Алтугпен «Tabu» атты конкурсты бірге жүргізді.

Альбомдері

Aşık Oldum - 1996 жыл Sana Bir Şey Olmasın – 1997 жыл Var Ya - 1999 жыл Kara Çadır - 1998 жыл Alişan - 2001 жыл Söz Mü? - 2002 жыл Keje - 2003 жыл Kalbim Ellerinde - 2004 жыл Olay Bitmiştir - 2005 жыл Ve Kimselere Güvenmiyorum - 2007 жыл Sevgilerimle - 2008 жыл Alişan "10" - 2011 жыл

Фильмографиясы

Aynalı Tahir - 1998 жыл Kurt Kapanı - 1999 жыл Aşkına Eşkıya - 2001 жыл Papatya ile Karabiber - 2002 жыл Cennet Mahallesi - 2004 жыл Gonca Karanfil – 2008 жыл Mert ile Gert - 2008 жыл

Дереккөздер

Санат:Түркия актерлері Санат:Актёрлер