Қарақойын – Сарысу алабындағы көл.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданындағы көл.

Гидрографикасы Ауданы жауын-шашын мол жылдары 80-90 км2; орташа ауданы 72,5 км2. Ұзындығы 16,8 км, ені 8,3 км-ге жетеді. Су жиналатын алқабы 11800 км2. Көктемгі қар ерігенде Талдыеспе, Қаттағансай өзендері құяды.

Жағалау сипаты Батыс бөлігінде ұсақ аралдар бар. Батыс жағалауы тік жарлы, шығысы батпақты: көктемде суы жайылады. Түбі тегіс, суы тұзды. Шаруашылықтық маңызы шамалы. Төңірегі - жайылым.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы көлдері Санат:Сарысу су алабы