Қазақ графикасы — қоғамдағы түрлі тарихи-әлеуметтік өзгерістерге сәйкес бірнеше жазу нұсқаларына (араб, латын, кирил жазулары) бағындырылған, фонематикалық принципке сүйенетін қазақтың дыбыстық жазуы.

thumb|Қазақ латын әліпбиі (1924) Графика ( — жазылған, өрнектелген) — графемалар, тыныс, екпін белгілері т.б. жазу құралдар жиынтығы, фонемалық жазудағы графема мен фонема арасындағы қатынастар жүйесі және оларды зерттейтін тіл білімінің бір саласы.

Қазіргі қазақ графикасы әріптерінің жазылуы тәсіліне және өрнегіне қарай жазу графикасы мен баспа графикасы болып бөлінеді. Қазақ жазу графикасындағы әріптердің нобайы көне орыс жазуындағы дыбыстар нобайының негізінде пайда болған.

Қазақ жазу таңбалары жүйесінің тарихы Қазақ тілінің жазу тарихында әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келген-ді. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирил графикасы әліпбиін қолданып келеді.

Қазақ жазуы – қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі. Қазақстан жерін жайлаған көне ғұн, сақ тайпалары (б.з.б. 5 – 4 ғ.) пайдаланған көне (“Есік жазуы”) жазу сол тайпаларға тән мәдениеттің (жазуының да) тарихи мұрагері – қазақ халқының негізін құраушы үйсін, қаңлы, қыпшақ, т.б. тайпалардың ең көне жазуы болып саналады. Көне замандағы қазақ ру-тайпаларының түркі дүниесіне ортақ Орхон-Енисей, Талас ескерткіштеріне негіз болған “руна” жазуы (5 – 12 ғ.), көне ұйғыр жазуы, 8 ғ-дан бастап күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан араб жазуы, (Қытай қазақтары ағарту жүйесінде) бір кездерде (1929 – 40; Қытай 1960–1970) қолданыста болған латын жазуы, кириллица жазуы (1940 жылдан кейін) – осылардың бәрі Қазақ жазуының негізі болып саналады. Араб графикасына негізделген қазақ әліпбиін кезінде А.Байтұрсынов реттеп, тіл ерекшеліктеріне сай жетілдірді, ол 30-жылдарға дейін “төте жазу” деген атпен қолданылып келді. Бұл жазудың емлесі морфол. дәстүрлі шарттарға негізделген. 1940 ж. орыс графикасы негізінде қалыптасқан қазақ әліпбиі мен орфогр. емлесіне әр кезде (1957, 1970), әр түрлі өзгерістер енгізілді. Кириллица негізіндегі жазудың қазақ тіліне тән ерекшеліктердің бәрін дұрыс көрсете алмауына байланысты кейінгі жылдары (1993 жылдан бастап) қазақ ұлттық жазуын латын графикасы негізіне көшіру мәселесі қойылып отыр.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010. ISBN 9965-26-096-6

Ұлттық кезеңге дейінгі қазақ жазуы Қазақ қоғамындағы араб жазуына қатысты зерттеулерде араб жазуы «қадим», «жәдид» деп екіге бөлінеді. Зерттеушілердің көрсетуі бойынша, қадим жазу үлгісіне ХVІ-XVII ғ.ғ. аралығындағы тарихи негізі бар жылнамаларды, құжаттарды және түркі халқына ортақ еңбектерді, ал жәдид жазуына «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» тәрізді алғашқы қазақ газеттерінде қолданылған жазу үлгілерін жатқызады.

Қадим жазу жүйесінің басты бір ерекшелігі дауысты дыбыстардың таңба арқылы емес, диакритикалық белгілермен берілуі, яғни дауысты дыбыстардың қызметін харакаттар атқарған. Харакаттар үшеу: «фатха», «дамма», «кесра». Бұл белгілер қазақ тіліндегі тоғыз дауыстының мәнін берген, фатха — «а», «ә»; дамма — «ұ», «ү», «о», «ө»; кесра — «ы», «і», «е» дыбыстарының мәнінде жұмсалып отырған. Мысалы, мен — ﻦﻤ (мн) , Ешдәулет — ﺕﻠﻭﺍﺪﺸﻴ ﺍ (Ешдәулт), сөзлешүб — ﺐﺸﻪﻟﺯﺳ (сзлешіб), көңілі — ﻰﻠﻜﻨﻜ (кңлі), бүлдірген — ﻦﺎﻜﺮﺪﻠﺒ (блдрген).

Қадим жазу жүйесінде ұлттық жазуға тән емес, тек араб сөздеріне ғана тән таңбалар (ﺾ, ﺙ , ﻆ , ﺫ ) қазақ тілінің төл сөздерін жазуда да қолданылған.

Қадим жазу жүйесінен жадид жазуының басты ерекшелігі жазуда дауысты дыбыстардың харакаттар арқылы емес, таңба арқылы беріліп, дауысты дыбыстар үнемі жазуда хатқа түсіріліп отырғандығында.

Бұл жөнінде Бабаш Әбілқасымов былай дейді:

Ал Гүлфар Мамырбекова жәдид жазу жүйесінде аз болса да харакаттардың қолданылғанын көрсетеді: құл және күң — ﻚﻨُﻜ (1874, №6), күтүб — ﺐﻭﺘُﻜ , құшақтасыб — ﺐﺴﺎﺘﻘﺎﺸُﻗ , құрметтеб — ﺏﻴﺪﺘﻤﺭُﻗ (1874, №10), тұхым — ﻢﺤُﺗ , құдай — ﺍﺪُﺤ (1874, №16), құл - ﻝُﻘ (1977, №30). Фатха арқылы белгіленген сөздер: бағасы — ﻰﺳﺎﻐَﺒ (1875, №1), ақраб — ﺐَﺭﻘﺍ [2, 75]. Мұндай гетерогенді жазба тілді меңгеру көпшіліктің үлесінде емес, тек сол кездегі элиталық топтың ғана оқу құралы болды. Ескі қазақ жазба тілінде дәстүрлі түркі әдеби тіл әсері толық сақталғандықтан, қазіргі кезде кодификацияланған сөздер екіұшты таңбаланған. Сондай-ақ түбірге қосымша қосылғанда, дыбыс үндестігі заңы сақталмай жазылды. Мысалы, «мүлкімізні, аулымызны, бізні» т.б. яғни жалғау және жұрнақтар ескі қазақ жазба тілінде бір ғана инвариант принципімен алынып, қазіргі кезде көптік мәнде жұмсалатын жалғаулардың («-дар, -тар») варианттары таңбаланбай, қазақ тілінің үндесім заңдылығы үнемі бұзылып отырды. Сөз ортасында, соңында «ы», «і» қысаң дауыстылардың орнына «ұ», «ү» таңбаланғанын көреміз: «орұсұңұзны, келтүр, өткүр, үчүн, қабұл, түрлү, жауұн» т.б.

Жадид, қадим жазу үлгілерінде кітаби тілдің тұрпат межесін белгілейтін графикалық таңбалар, сонымен қатар халықтық тілден едәуір алшақта болды Мамырбекова Г. XVIII-XIX ғғ. араб жазулы қазақ жазбаларының графикалық-орфографиялық ерекшеліктері: фил. ғыл. канд. автореф. Алматы, 2006.–130 б..

Араб жазуындағы осындай үйлесімсіздікті жоюға арналған алғашқы қадам «Дала уалаяты», «Айқап» беттерінде көтеріледі. Қазақ тілі туралы, әліппе, емле қағидаттары туралы жазушылар — сол кездегі қазақтың оқығандары, мұғалімдер араб әліпбиінің кемшілігі туралы, қазақ сөздерін жазуға толық үйлесімді еместігін, оның орнына ұлттық әліпби шығару керектігін маңызды мәселе ретінде көтеріп отырған.

Жалпы қазақ жазу тарихында араб графикасын (араб әліпбиін) қабылдауға не себеп болды, қандай ықпал, әсер негізінде араб жазуына бет бұрды, оның халық сауатын ашуда, қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толық таңбалауда кемшілік тудыруының себебі неде деген мәселелерді айқындау үшін, араб графикасына көшуге негізделген түркілік бағыт көрсетіледі. Араб графикасы Араб жазуы - Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Іле қазақ автономиялық префектурасындағы қазақтар үшін ресми алфавит. Ол алғаш рет XI ғасырда Қазақстан территориясына енген және 1929 жылы латын әліпбиі енгізілгенге дейін қазақ тілінде жазу дәстүрлі түрде қолданылған. 1924 жылы қазақ зиялысы Ахмет Байтұрсынов араб жазуын қазақ тіліне сай етіп реформалауға тырысты. ۆ, گ, ڭ, پ және چ әріптері араб тілінде кездеспейтін дыбыстарды бейнелеу үшін қолданылады.

1929 жылға дейін қазақ үшін қолданылған алфавитке негізделген Иран мен Ауғанстанда түрлендірілген араб жазуы қолданылады.

Қазақтың араб алфавиті 29 әріптен және бір цифрдан тұрады, сөздің басында сөздің басында алдыңғы дауысты дыбыстар жасау үшін қолданылатын «жоғарғы хамза». Алфавит жазылған бағыт оңнан солға қарай. Абджад болып табылатын түпнұсқа араб жазбасынан айырмашылығы, қазақ араб жазуы шынайы алфавитке көбірек сәйкес келеді, өйткені әр дыбыстың өз әрпі бар және әр сөздегі әр дыбыс тілдің жазбаша түрінде жазылған. Араб жазуын абджадтан алфавитке ауыстыруды ХХ ғасырдың басындағы лингвист Ахмет Байтұрсынов жүзеге асырды.

Қазір Қытай, Пәкістан, Ауғанстан, Иран және Таяу Шығыстың басқа елдерінде тұратын қазақтар араб жазуын қолданады.

Қазақстанда араб графикасы 10-20 ғасыр аралығында 900 жыл қолданылды. 1912 жылы Ахмет Байтұрсынов араб жазуына негізделген қазақ жазуын реформалап, оны шетелде тұратын миллиондаған қазақтарға қолдануға мүмкіндік берді. Ол қазақ тілінде қолданылмайтын таза араб әріптерінің бәрін алып тастады және қазақ тіліне тән әріптерді қосты. «Жаңа емле» («Жаңа емле») деп аталатын жаңа алфавитті Қытай, Ауғанстан және Иранда тұратын қазақтар әлі күнге дейін қолданады. 1917 жылдан кейін Қазақстанда латын әліпбиіне көшу қозғалысы басталды. Кезінде қоғамдық дамуда жағымды рөл атқарған араб жазуы енді көпшілікке тарихи прогрестің тежегіші болып көрінді.

Түркілік бағыт

Мирза Фатали Ахундов Әзірбайжанда алғаш жазуға байланысты пікір айтқан жазушы, драматург Мирза Фатали Ахундов 1857-1878 жылдарға дейін жазу мәселесіне байланысты төрт жоба ұсынған. Осы мәселемен Тегеранға (Персия) және Константинопольға (Түркия) барып, идеясын ортаға салған болатын. Бірақ қолдау таппай, бұл ұсыныстар ескерусіз қалады. Ол өзінің бірінші және екінші жобасында араб әліппесін жетілдіруге баса көңіл қойса, үшінші, төртінші жобасында араб әліпбиін орыс әліпбиіне ауыстыруға ұсыныс жасайды.

Осы еңбегіне орай Ахундов «Меджидие» атты орденмен марапатталады. Сонымен қатар, Ахундов Тбилиси қаласына келіп, силлабикалық жазудың кемшіліктері жөнінде баяндалған жаңа кітап құрастырады. Бұл кітапты автор Тегеран қаласына жібереді. Ешқандай қолдау таппаған бұл жобасын автор атақты визирь Али-Пашеге хат арқылы жолдайды, хатта түрік оқымыстысы Саави-Эфендидің пікірін келтірген.

Мырза Мелькем-Ханом және басқа да ағартушылар Ахундовтан кейін бұл мәселемен парсы әдебиеттанушысы Мырза Мелькем-Ханом айналысқан болатын. Мырза Мелькем-Ханомның «Шейх және визирь», «Основы прогресса» атты шығармалары осының нақты дәлелі болып табылады. Автор латын әліпбиіне көшу қажетін әңгіме түрінде өрбітеді: «Шейх: Визирь, я заявляю, что с этим бессымсленным алфавитом дальше невозможно жить на свете. Тысячи заседаний, тысячи хороших законов, тысячи школ и любое количество регулярных солдат бесполезны, благодаря именно этому алфавиту» (Шейх и визирь, 28-бет).

Парсы ханзадасы Мырза-Риза-Хан 1879 жылы түркі және парсы халықтары үшін жоба дайындаған («Alphabet Ruchdie»).

Мырза-Риза-Хан есімінен кейін Закавказьенің танымал ағартушысы Ферудин – Бек Косарли 1898 жылы «Кавказ» газетіндегі (№230,238,264) орыс тілінде жазған мақаласында араб әліпбиінің кемшіліктерін баяндайды.

«Shardi Rus» (Русский Восток) газетінің редакторы Мемед-Ага-Шах-Тахтин әліпбиді ауыстыруда, ең бірінші үгіт-насихат жұмыстарын арнайы бағдарлама бойынша жүргізу керек деп тұжырымдайды.

ХІХ ғасырдың 70-жылдары түрік оқымысты Гази-Мұхтар-Паша Константинопольде «Әліпби реформалау қоғамын» құрады. Бірақ бұл ісі аяқсыз қалады.

Бұл кезеңде қазақ қоғамында да әліпби мәселесі қызу талқыға түсіп жатқан болатын. Қазақтың орысша оқығандарының арасынан да араб жазуының кемшілік жақтарын сынап, қазақ жазуын орыс графикасына икемдеу жайында пікір айтып, өз тұжырымдарын негіздеп мақала жазушылар көптеп шыға бастады. Міне, осындай пікір ағымдарын өз мақсаттарына шеберлікпен пайдаланып қалғысы келген орыс миссионерлері де араб жазуы үлгісіндегі қазақ әліпби жүйесіне орыс графикасын енгізуді насихаттай бастайды.

Расында да, жазылу графикасы да қиын, оқылу жолдары да (оңнан солға) қиын болып келетін әрі қазақтың дауысты дыбыстарын таңбалауға лайықталмаған, қазақ фонемаларын толық таңбалай алмайтын араб әліпбиінің қазақ тілін одан әрі өркендеп, дамытуға еш мүмкіндігі болмағандықтан, өзінен өзі басқа графикаға ауысуға сұранып тұрды.

Миссионерлік бағыт Қазақ қоғамында және түркі тілдес халықтарында болып жатқан әртүрлі көзқарасты байқаған орыс миссионерлері бүкіл түркі жұртының мәдени, рухани құндылықтарын жою үшін, сонымен бірге тілдік болмысын құрту үшін саяси астармен «араб жазуы қолайсыз», «қазақ және басқа түркі тілдерінің дыбыстық жүйесін беруге икемсіз» деген желеумен орыс графикасына негізделген қазақ әліпбилерін және оқулықтарын шығара бастайды. Олар орыс жазуына көшуді насихаттауды орысша оқыған қазақ жастары арқылы жүргізуді көздеді.

Н.И. Ильминскийдің жобасы Н.И. Ильминский түркі тілдес халықтардың кітаптары араб әрпімен жазылса, бұл келешекте орыс жазуының үстемдік алуына кедергі жасайды деген миссионерлік оймен алғаш қазақ әліпбиін орыс графикасына негіздеп, жоба да ұсынады. Дауысты дыбыстарға 8 әріп арнайды: а (ä), é (е); ы, і; о, ö; у, ÿ, ал дауыссыз дыбыстарға 19 әріп: п, б, м, w, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, j, ќ, ѓ, њ.