Ірі жапырақты алкор (Mediasia macrophylla) Кермек тұқымдасы — Жеке типті туыстың сирек кездесетін түрі. Қаржантау, Угам жотасы мен Талас Алатауының төменгі және ортаңғы белдеулерінде кездеседі. Қазақстан жерінен тыс Батыс Тянь-Шань мен Памир-Алайда таралған. Бұл көп жылдық қалың шөптесін өсімдіктің биіктігі 1 метір, ол қуаң шағыл тасты және сұр шөгінді тасты беткейлерді жандандыра түседі. Жиі аршалы ормандар мен малта тасты арналарда кездеседі. Дереккөздер ISBN 9965-24-750-1 ↑Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы

Санат:Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер Санат:Кермек тұқымдасы