Қоян Биі — қазақ биі. Құрманғазының “Ақсақ құлан” күйінің сүйемелімен орындалады. Музыкалық өлшемі 2/4. Ырғағы екпінді. Биді атақты халық бишісі Зәрубай Құлсейітов Қоянды жәрмеңкесінде үстел үстінде тізілген шыныларды құлатпай (қоян қимылдарын бейнелеп) 40 минут билеп, жүлде алған. Бұл би 1928–1930 жылдары Зәрубай бишінің орындауында Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының концерттік бағдарламасында көрсетіліп тұрды.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:Мәдениет Санат:Өнер Санат:Қазақ билері