Менгир Қазақ энциклопедиясы (бретонша men – тас, hіr – ұзын) – тігінен орнатылған үлкен, өңделмеген тастар түріндегі археологиялық ескерткіш. Неолит және қола дәуірінің мегалиттік ескерткіштері қатарына жатады. alt=A.|нобай|Менгир. Алғашқы менгирлер б.з.б. 3-мыңжылдықта пайда болған. Классикалық түрлері Батыс Еуропа елдерінде болғандықтан, еуропа ғалымдардың еңбектерінде кеңінен зерттелді. Негізгі көп тараған жерлері Пиреней түбегі мен Франция, Британия аралы. Менгирлерге жатқызуға болатын жәдігерлер, әлемнің түкпір-түкпірінде, оның ішінде еуразиялық далалық белдеуде кездеседі. Батыс Еуропадағы ежелгі түрлерінің биіктігі 4 – 5 метрден асады, салмағы ондаған, жүздеген тоннаға барады. Францияның Бретань өлкесіндегі менгирлер айрықша көзге түседі. Қазірде өз бейнесін (тұрпатын) сақтап қалған (яғни, тігінен тұрған) менгирлердің әлемдегі ең үлкені осындағы биіктігі 12 м Керлоас менгирі болып табылады. Сонымен қатар, қазір құлап жатқан, бірнеше бөлініп, сынған Морбиган Менгирін ғалымдар биіктігі 20 м, салмағы 350 тонна болған деп топшылайды.Археология Западной Европы, Каменный век

Кейде ескерткіштер төртбұрышты дөңгелек пішінде немесе параллель қатарлар, яғни менгирлер аллеясы түрінде топтала орналасады. Менек алқабындағы 1169 тас 11 қатарды құрайды, Кермариода 10 қатарға тізілген 1029 тас ені 100 м, ұзындығы 1120 м тұтас ансамбльді құрайды. Карнак (бұрынғы Бретань өлкесінде) маңындағы менгирлер тобына бірнеше қатарға тізілген 3 мыңға жуық тас кіреді, қатарлардың ұзындығы 4 км-ге барады. Әр елдерде жүргізілген қазба жұмыстар менгир маңында күл қабаттары, мал сүйектері, бұйымның кейбір түрлері болатынын көрсетті. Ғалымдар менгирлер ғұрыптық ескерткіштерге жатады деп санайды, өлген ата-бабалар рухын қастерлеумен байланыстырылады.

Қазақстан аумағында Ә.Марғұлан зерттеулері барысында қола дәуірінің менгирлері Орталық Қазақстан жерінде көптеп табылды. Ол өлытау мен Шыңғыстау аралығында шашырай орналасқан 100-ге жуық менгирлер тобын ашты. Ақтоғайдағы Көрпетай тауының маңында орналасқан Қызылшоқы менгирлер тобын ұзындығы 250 м тізбек түріндегі 20 тас құрайды. Тастардың ең үлкендерінің биіктігі 3 – 4 м, жалпақтығы 2,8 – 3 м. Оның көрнекті түрлері: Қарқаралы, Қызыларай, Бұғылы, Баянауыл, т.б. өлкелерде жиі кездеседі.Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана

Дереккөздер

Санат:Археология