Сингониум () – шаяноттар тұқымдасының 113 тегінің бірі. 30-ға жуық түрі бар.
Таралуы Негізгі отаны Орталық және Оңтүстік Американың: Белиз, Коста-Рика, Сальвадор, Панама, Гватемала, Гондурас, Никарагуа, Мексика, Францмялық Гвиана, Гайана, Суринам, Венесуэла, Боливия, Колумбия, Эквадор, Перу, Бразилияның тропикалық аймақтарыSyngonium.
Биологиялық сипаттамасы Сингониум шөптесін, жұқа сабақты, шырмауық өсімдік. Ол филодендронның туысы болғанымен, оған қарағанда ерекше әдемі.
Күтімі Үй жағдайында сирек гүлдейді, бірақ жапырағының әдемілігі оған ерекше көрік береді. Сингониумдарды аспалы түбектерде де, шырмауық ретінде де өсіруге болады. Олар көп күтімді қажет етпейді. Үстіңгі өскіндерін қырқып, пішінге келтіруге болады. Жас сингониумдарды жыл сайын, ал үлкендерін 2-3 жылда бір рет топырағын жаңартып қайта отырғызу керек. Жарығы: Алакөлеңке жерде жақсы өседі. Жылуы: Қыста 17-18ºC төмен болмауы керек. Суғарылуы: Топырағының ылғал болғанын қалайтындықтан, жиі мол суғарған жөн. Ылғалдылығы: Ылғалды матамен жапырақтарын сүртіп, су бүркіп тұру керек. Қоректендірілуі: Көктем, жаз кездерінде минералды тыңайтқышпен 2-3 аптада бір рет қоректендіріледі. Қыста тыңайтуға болмайды. Аурулары: Ылғалдылықтың жетіспеушілігінен түрлі зиянкестер зақымдауы мүмкін. Көбейтілуі: Үстіңгі сабақтарын тамырландыру арқылы көбейтеді.
Галерея
Сілтемелер Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт
Дереккөздер
"Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727
Санат:Шаяноттар