Жалайыр – Шерубайнұра өзенінің оң жағасындағы қырат.

Географиялық орны Қарағанды облысы Абай ауданы Қарабас кентінің оңтүстік-батысында 3 км жерде орналасқан. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 6–7 км-ге созылып жатыр, енді жері 1–1,5 км. Абсолюттік биіктігі 672 м.

Геологиялық құрылымы, жер бедері Элювийлі жамылғысы бар тас көмір жыныстарынан түзілген. Беткейлері сайлармен, түп жыныстардың шығымдарымен тілімденген, батыс беткейлері құламалы жартасты келеді.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында әр түрлі өсімдіктер өседі. Етегінен көптеген бұлақтар бастау алады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Абай ауданы (Қарағанды облысы) таулары