Жаркөл – Есіл алабындағы тұйық көл.
Географиялық орны Ақмола облысы Атбасар ауданы Қосбармақ ауылының оңтүстік-батысында 3 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 327 м биіктікте.
Гидрографикасы Аумағы 12,6 км2, ұзындығы 4,8 км, енді жері 3,7 км, жағалау бойының ұзындығы 13,9 км. Солтүстігінде бірнеше ұсақ көлдер бар. Есіл өзенінен бөлініп шығатын Бадамша-Қарасу уақытша арнасымен толығып отырады. Қарашаның басында суы қатып, сәуірде ериді. Жағалауын қамыс, қоға шөптесін өсімдіктері басқан. Суы тұщы, мал шаруашылығына пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Атбасар ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы