Жыланды – Тарбағатай жотасының солтүстігінде, Базар өзенінің аңғарындағы тау.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 1527 м. Оңтүстіктен солтүстікке қарай 4 км-ге созыла орналасқан, енді жері 2 км.

Геологиялық құрылымы Палеозойдың шөгінді тақтатас, әктастарынан, девонның құмтасты шөгінділерінен түзілген.

Өсімдігі Өсімдік және жануарлар дүниесі жағынан Тарбағатайға ұқсас. Етегіндегі шөлейтте жусан, бетеге, тауаралық аңғарда тау шалғыны, тобылғы өседі. Етегі мал жайылымына пайдаланылады.‎Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Тарбағатай ауданы таулары