Көкпекті бөгені — Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының жерінде орналасқан. Көкпекті өзенінің ағысын реттеп отырады. 1959 жылы пайдалануға берілген.
Гидрологиялық сипаты Су айдынының аумағы 37,5 га, ұзындығы 2,1 км, енді жері 1 км-ге жуық. Ең терең жері 8 м, суының көлемі 1,5 млн. м³. Қарашада суы қатып, сәуірде ериді. Шаруашылық мақсатында суаруға және ауыз суына пайдаланылады. Бөгенде табан, алабұға, шабақ, таутан кездеседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қарағанды облысы гидрографиясы