Кішкене Жыланды – Қараүңгір тауларының солтүстік-шығысында 17-19 км жердегі төбе.
Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 651 м, ұзындығы мен ені 3,0–3,5 км.
Жер бедері Ендік бағытта созылып жатқан Кішкене Жыланды төбесінің көлбеу беткейлері нашар тілімденген. Солтүстік-батысында 8 км жерде Жыланды тауы (760 м) орналасқан.
Өсімдігі Етегінде жусан аралас көкпек, бетеге, қараған, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Аягөз ауданы таулары