Қараадыр – Ұлытау тауларының солтүстік-шығысындағы шоқылы тау.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Жезді кентінің солтүстік-батысында 31 км жерде орналасқан. Абсолюттiк биіктігі 674 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 4 км-ге созылып жатыр, енді жері 2,5 – 3 км шамасында.
Жер бедері Солтүстік беткейі тіктеу, қалған бөліктері көлбеуленіп, сай-жыралармен тілімденген. Бөктеріндегі бұлақтардан Бала Жезді өзенінің салалары бастау алады.
Геологиялық орны Протерозойдың метаморфталған және дислокацияға ұшыраған жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Ашық қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында бұта аралас астық тұқымдас шалғын өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы таулары