Ақтекше – Шаған тауының солтүстік-батысындағы тау.
Географиялық орны Жетісу облысы Көксу ауданы, Ақтекше ауылының батысында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1352 м.
Жер бедері Ақтекше тауынан Мұқыр, Көксу өзендерінің салалары бастау алады. Беткейі көлбеу келген.
Өсімдігі Таудың сұр қоңыр топырағында жусан, боз, селеу, т.б. өседі. Баурайы ауданның жайлауы саналады.Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедиясы, V- том
Дереккөздер
Санат:Көксу ауданы таулары Санат:Жетісу Алатауы