Басқарқара – Орталық Тянь-Шань тауындағы тау массиві.
Географиялық орны Алматы облысы Райымбек ауданы Теріскей Алатауының солтүстік-батысында, Текес өзенінің сол жағалауында орналасқан.
Жер бедері, геологиялық құрылымы Ең биік жері шығысында 4059 м. Гранит, диорит, кристалды тақтатас, мәрмәрланған әктастан түзілген. Солтүстік беткейін Қарқара, т.б. көптеген өзендер терең шатқалдар жасап, қатты тілімдеген. Солтүстігінде 2100-3000 м биіктікте шыршалы орман өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Райымбек ауданы таулары Санат:Теріскей Алатауы