Боқтыбай – Мұғалжар тауының оңтүстігіндегі ең биік шоқы (657 м).

Географиялық орны Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Біршоғыр станциясынан батысқа қарай 17 км жерде орналасқан.

Геологиялық құрылымы Девон жүйесінің порфирит, туф, алевролиттерінен түзілген. Ұзындығы 7 км, ені 4 км-дей.

Жер бедері Беткейлері тік, етегінде қорымтас үйінділері кездеседі. Сай-жыралармен тілімденген.Тау етегінен Шетырғыз, Қауылжар өзендері бастау алады.

Өсімдігі Таудың қызғылт қоңыр топырақты жерінде бетегелі қау, далалық өсімдіктер өседі. Баурайы мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Шалқар ауданы таулары