Амантоғай — Қостанай облысы Амангелді ауданындағы ауыл, Амантоғай ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Амангелді ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 45 шақырым жерде, Торғай өзенінің оң жақ саласы Жалдама өзенінің Қарынсалды саласы құяр тұсындағы жағасында, шөлейт белдемде, Қостанай — Амантоғай автомобиль жолының Арқалық — Амангелді — Торғай автомобиль жолымен түйіскен тұсында орналасқан.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1276 адам (642 ер адам және 634 әйел адам) болса, 2009 жылы 1001 адамды (488 ер адам және 513 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы 1960 жылға дейін ұжымдық шаруашылықтың, 1996 жылға дейін өзі аттас астық кеңшарының орталығы болып келді. Кеңшар негізінде шаруа (фермер) қожалықтары ұйымдастырылды.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, дәрігерлік пункт, мәдениет үйі бар.

Дереккөздер

Санат:Амангелді ауданы елді мекендері