Иттербий (лат. Ytterbyum; Yb) — элементтердің периодтық жүйесінің III тобындағы химиялық элемент, лантаноидтарға жатады; ат. н. 70; ат. м. 173,04; тығыздығы 6,98 г/см³; балқу t 821 °С; қайнау t 1211 °С. Жұмсақ, күмістей ақ түсті металл. Белгілі изотоптарының саны – 27. Иттербийді 1878 швед. химигі жылымариньяк ашқан.

Иттербийді атауы, сондай-ақ иттрий, тербий, эрбий элементтерінің атаулары Швецияның Иттербю қаласының маңынан табылған иттербит (гадолинит) минералы атауына байланысты қойылған. Электрвакуумдық аспаптарда газсіңіргіш материал ретінде, радиоэлектроникада қолданылатын кристаллофосфор, люминофор жасау үшін және арнайы қорытпа ретінде пайдаланылады.

Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

Санат:Химиялық элементтер Санат:Лантаноидтар