Федора Александровна ЛихолатоваГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Талдықорған (қазіргі Алматы облысы), "Коминтерн" колхозының қызылшашылар тобының звеношысы (1938). 1910 жылы Талдықорған облысы, Қаратал ауылында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі 1932 жылы "Коминтерн" колхозына қызылша өсіруші болып жұмысқа кіреді. Колхоз құрылысын қалыптастыру барысына бар күш-жігерін салып, колхозда қант қызылшасын егуді игеруді ұйымдастырады. 1938 жылы қызылшашылар тобының звеношысы болып тағайындалып, өнім көрсеткішін көтеру жолында қажырлы еңбек етеді: 1946 жылы әр гектардан 529 центнерден өнім алып үздіктік танытады; осы еңбегі үшін "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады; 1947 жылы 2 гектар алқабтың әр гектарынан 1004 центнерден қант қызылшасын жинап, жоспарды артығымен орындаған олар, астық қоймасына айтарлықтай үлес қосады.
Наградалары "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1946) Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии
Санат:Социалистік еңбек ерлері