Мирное — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Мирный ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 14 км-дей жерде, орманды - дала белдемінде орналасқан.

Тарихы Іргесі 1930 жылы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланды. 1932–66 жылдары астық өндіретін кеңшардың орталығы болған. Оның негізінде Мирноеда ЖШС-тер және бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді.Қазақ энциклопедиясы, 6 том

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1003 адам (479 ер адам және 524 әйел адам) болса, 2009 жылы 575 адамды (279 ер адам және 296 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Солтүстік Қазақстан облысы) елді мекендері