«Қаратау» кен-химия комбинаты — өндірістік кәсіпорын, «Қазфосфат» ЖШС-нің филиалы. Қаратау қаласында орналасқан. 1946 жылы Шолақтау кен-байыту фабрисы болып құрылған кәсіпорын 2001 жылы «Қаратау» кен өңдеу кешені құрылымына енді.
Өндірістік негізі – Фосфорит кентасын өндіретін және өңдейтін тау-кен комбинаты. Комбинат құрамына фосфорит кентасының жиынтық қоры 165 млн. т болатын «Ақсай» және «Молодежный» кеніштері, 4 майдалау-сұрыптау және 2 байыту фабрикалары кіреді. Негізгі өнімдері: майда ұнтақталған фосфорит шикізаты, кесек және ұсақ фосфорит. Комбинатта 600 адам жұмыс істейді.“Тараз энциклопедиясы”
Дереккөздер
Санат:Талас ауданы кәсіпорындары Санат:Қазфосфат Санат:1946 жылы құрылған компаниялар