Дирк Клаас-Ян Хюнтелаар (; 1983 жыл 12 тамыз, Вор-Дрэмпт, Гелдерланд) — Нидерландтық футболшы, "Аякс" футбол клубының және Голландия құрама командасының экс-шабуылшысы. 2006-15 жылдары құрама сапында 76 ойын өткізіп, 42 гол соқты.

Клаас өзінің сұр мергендік қасиетімен белгілі. "Аякс" футбол клубының 2006 жылы ең үздік ойыншысы және сол жылдағы Нидерладының жастар құрама командасымен әлем кубогін жеңіп, әлем кубогында ең үздік сұр мерген болды. Хюнтелаар әлемге әйгілі "Реал Мадрид" пен "Милан" сабында ойнаған. 2010 жылы "Шальке 04 " футбол клубымен келісім шартқа қол қойды. 2011-12 жылы Бундеслиганың басты сұр мергені атанды (29 гол)

2014 жылғы әлем кубогінің қола медаль иегері.

Карьерасы 2002—2004 ПСВ 1 (0)2002—2003  Де Графсхап 9 (0)2003—2004  АГОВВ Апелдорн 35 (26)2004—2006 Херенвен 46 (33)2006—2008 Аякс 92 (76)2008—2009 Реал Мадрид 20 (8)2009—2010 Милан 25 (7)2010—2017 Шальке 04175 (82)2017— Аякс 74 (38)

Жетістіктері

Нидерланд кубогы (2): 2006, 2007 Нидерланд суперкубогы (2): 2006, 2007 Германия кубогы: 2011 Германия суперкубогы: 2011 Әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 2010 Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 2014

Ойын стилі Хюнтелаар шабуылда өте нәтижелі. Баспен соғуда жақсы және өте күшті алыс соққысын орындай алады. Хюнтелаардың стилін Марко Ван Бастен мен Рууд Ван Нистелроймен салыстырады. Луи Ван Галь айтқандай: Қарсыластың айып алаңында үздік футболшы".

Жеке өмірі Клаас-Ян Хюнтелаар бүгінде Мэдди Схолдерманмен некеде тұр. 2009 жылы олардың бірінші ұл баласы Себ және 2011 жылы екінші ұл баласы Аксель туылды.

Санат:Нидерланд футболшылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Аякс Амстердам ФК ойыншылары Санат:Шальке 04 ФК ойыншылары Санат:ПСВ ФК ойыншылары Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары