Джон О'Киф () - 1939 жылы Нью-Йорк қаласында туған. Ол 1967 жылы Канаданың Макгилл Университетінде (McGill University) докторлық дәрежесін иемденеді. Содан кейін жас ғалым Ұлыбританияға келіп, Лондонның Университеттік Колледжінде (University College London) жұмыс істей бастайды. Ал 1987 жылға келіп профессор атағын алады. 2013 жылы аталған университеттегі Когнитивті Нейрофизиология институтына директор болып тағайындалады. О'Киф өз еңбек жолында липпокамптарды (бас мидағы лимбикалық жүйесі) зерттеумен айналысып келген. Нақтырақ айтатын болсақ, лимбикалық жүйеде пайда болатын Альцгеймер ауруын зерттеуді негізгі жолға қойған ғалым.. 1971 жылы Джон О'Киф гиппокамптың сүтқоректілердің кеңістіктегі бағыт көзі болып табылатынын анықтаған. Ол гиппокамптағы жасуша ортасын тауып, Линн Надель есімді ғалымның бірлескен авторлығымен гиппокамп функциясының кеңістіктегі теориясы туралы кітап жазып шығады.http://www.bna.org.uk/BNA_Awards.html 2014 жыл 6 қазан күні Джон О'Киф Май-Бритт және Эдвард Мозер есімді ерлі-зайыпты ғалымдармен бірге Нобель сыйлығына лайық деп табылды. Оларға физиология мен медицина салаларында бас мидағы жасушалардың биологиясын зерттегені үшін берілді.http://www.fens.org/About-Neuroscience/Awards/FENS-Awards/FENS-EJN-Award/2008/ Сілтемелер
Джон О’Киф Нобелевский комитететінің сайтында Джон О’Киф неврология сайтында Джон О’Киф Лондон университетінің сайтында Дереккөздер
Санат:Физиология немесе медицинадан Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Нобель сыйлығының иегерлері