Джеймс Бенсон Ирвин (; 17.3.1930, Питтсбург - 8.08.1991, Колорадо) – АҚШ-тың ғарышкер-ұшқышы, полковник.
1951 жылы АҚШ Әскери теңіз академиясын, 1957 жылы Мичиган университетін бітірді. АҚШ Әскери-Әуе Күшінің әр түрлі бөлімшелерінде қызмет етті. 1961 жылы Әскери-Әуе күшінің сынаушы-ұшқыштар мектебін бітірді. 1966 жылдан АҚШ Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасының ғарышкерлер тобында болды. 1971 жылы 26 маусым – 7 тамыз күніндегі д. Скотт және А.Уорденмен бірге «Аполлон-15» ғарыш кемесінің ұшқышы ретінде Айға ұшты. Ирвин және Д.Скотт ұшқан кобинасы 1971 жылы 31 маусымда Айға қонды. Ирвин Айда 66 сағат 56 минут уақыт ішінде 3 рет сыртқа шығып 18 сағат 37 минут 6 секунд Ай бетінде болды. Қазақ Совет Энциклопедиясы,3 том
Дереккөздер
Санат:17 наурызда туғандар Санат:1930 жылы туғандар Санат:Питтсбургте туғандар Санат:8 тамызда қайтыс болғандар Санат:1991 жылы қайтыс болғандар Санат:Колорадода қайтыс болғандар Санат:НАСА-ның Айрықша қызметі үшін медалінің иегерлері Санат:Айда болған адамдар Санат:АҚШ астронавтары Санат:Креационистер Санат:Арлингтон ұлттық зиратында жерленгендер Санат:Миокард инфарктінен қайтыс болғандар Санат:АҚШ Әскери-теңіз академиясы түлектері Санат:Мичиган университеті түлектері