Аналитикалық психология — 1913 жылы Карл Густав Юнг негізін салғанAnalytical psychology (1916) К. Г. Юнг тереңдік психологияның бағыты.
Бұл бағыт психиканың автономды өзіндік реттелуші жүйе ретіндегі идеалистік түсінікке негізделеді. Бұл бағыттың теориялық тұжырымы бойынша адам психикасы саналы мен санасыздықтың өзара компенсациясына негізделеді. Ал олардың интеграциясы – тұлғаның тұтастылығына, оның жеке даралуына жетудің жолы.
Аналитикалық психология психопатология және психотерапияға, сонымен қатар, философия, антропология, мәдениет тарихы, этнология, мифологияға ықпал етеді. Психология: энциклопедиялық сөздік /Қ.Жарықбаев, О.Саңғылбаев.-Алматы:Қазақ энциклопедия,2011.-624 б.
Дереккөздер
Санат:Психология