Жанайдарова Гүлжан Ахметжанқызы (1928 жылы туған, Есіл ауданы Далабай ауылы) – ғалым, мед. ғылым кандидаты. (1954). Қарағанды мемлекеттік мед. академиясының құрметті проф. КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі. Қазақ медициналық институтын (1951), Ленинград медициналық институтының аспирантурасын (1954) бітірген. 1954 жылдан Қарағанды мемлекеттік медициналық институтында ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі, проректор (1961 – 84) қызметін атқарды. Жанайдарова 80-нен астам ғылыми. еңбектің авторы. «Құрмет белгісі» ордені, медальдармен марапатталған.Қазақ Энциклопедиясы

Пайдаланылған cілтемелер

Санат:Ғылым