Валерий Анатольевич Хан (13 тамыз 1951 жылы туған, Ақмола облысы Аршалы ауданы Анар станциясы) – техника ғылымдарының кандидаты (1980), экономика ғылымдарының докторы (2000).
Өмірбаяны Мәскеу полиграфия институтын бітірген (1974). Осы институтта инженер-технолог (1974–1980), аспирант (1980) Қазақстан ғылым академиясының жүйесінде ғылыми қызметкер (1983–2003) болды. 2005 жылдан ҚазҰПУ-да профессор қызметін атқарады.
Ғылыми еңбектері «Функционирование и развитие науки в условиях рынка: методология и практика прогнозирования» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 100-ден астам ғылыми жарияланым мен 7 монографияның авторы.Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:13 тамызда туғандар Санат:1951 жылы туғандар Санат:Аршалы ауданында туғандар Санат:Қазақстан инженерлері Санат:Техника ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан экономистері Санат:Экономика ғылымдарының докторлары Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессорлары