Сортөбе, (Шортөбе) — Жамбыл облысы, Қордай аудандағы ауыл, Сортөбе ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Қордай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 47 км-дей жерде, Шу өзенінің оң жағалауындағы төбелі-жонды келген тау алды жазығында орналасқан.
Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен14646 19458 132,9 7305 9654 132,2 7341 9804 133,6
Тарихы Ауыл 1998 жылға дейін "Шортөбе" деп аталып келген. Іргесі 1930 жылы қызылша өсіретін “Коммунистік” ұжымшарының орталығы ретінде қаланған. Оның негізінде 1997 жылдан бастап Сортөбеде 2 ӨК және 50-ден астам шаруа қожалығы құрылды.
Инфрақұрылымы 2 орта, 1 орталау мектеп, отбасылық-дәрігерлік амбулатория бар.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Қордай ауданы елді мекендері