Сарышағанақ – Еділ-Жайық алабындағы көл.
Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Бостандық ауылынан шығысқа қарай 8 км жерде орналасқан. Ауданы 19,0 км2.
Жағалау сипаты Көлді Қараөзен жарып ағады. Жағалауы көбіне жайпақ, солтүстік жыралармен тілімделген. Суы тұщы, жаздың соңында минералдылығы артып, жағалауы сортаңданады. Жағаларында қамыс өседі, суында балық бар. Алабын жайылымға пайдаланады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Казталов ауданы көлдері Санат:Жайық су алабы өңірі