Ливия Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол жарыстарында Ливияның намысын қорғайтын ұлттық құрама. ФИФА және КАФ мүшесі. Басқарушы орган - Ливия Футбол Федерациясы. Үш рет Африка чемпионатына қатысып, 1982 жылы финалға дейін жеткен. Ешқашан әлем чемпионатына қатыспаған.
Фактілер Алғашқы матчын 1953 жылы Египетке қарсы өткізіп, 2:10 есебімен ұтылып қалды. Бұл Ливия құрамасының ең ірі жеңілісі. Матч 29 шілдеде Египетте өтті. 1986 жылғы әлем чемпионатына қатысуға сәл ғана сәттілік жетпей қалды. Шешуші матчта Мароккомен ойнады. Әуелі сыртта 0:3 есебімен ұтылып, қарымта ойында 1:0 есебімен ұтты. Бірақ екі ойынның қорытындысы бойынша Марокко әлем чемпионатына жолдама алды. Ливия Футбол Федерациясы 1962 жылы құрылды. Арада екі жыл өткен соң ФИФА-ға мүше болды. 1982 жылы Африка чемпионы атануға пенальтилер серисындағы сәтсіздік кедергі болды. Финалда Гана құрамасыен 1:1 есебімен тең ойнап, ойын соңындағы лотереяда 6:7 есебімен ұтылып қалды.
Әлем чемпионаты
1930 — 1962 — қатыспады 1966 — жарыстан шеттетілді 1970 — іріктеуден өте алмады 1974 — қатыспады 1978 — іріктеуден өте алмады 1982 — жарыстан шеттетілді 1986 — іріктеуден өте алмады 1990 — жарыстан шеттетілді 1994 — дисквалификация 1998 — қатыспады 2002 — 2018 — іріктеуден өте алмады
Африка Ұлттары кубогы
1957 — 1965 — Қатыспады 1968 — іріктеуден өте алмады 1970 — қатыспады 1972 — іріктеуден өте алмады 1974 — жатырстан шеттетілді 1976 — 1980 — іріктеуден өте алмады 1982 — 2 орын 1984 — 1996 — іріктеуден өте алмады 1988 — 1990 — жарыстан шеттетілді 1992 — 1998 — қатыспады 2000 — 2004 — іріктеуден өте алмады 2006 — топтқ турнир 2008 — іріктеуден өте алмады 2010 — іріктеуден өте алмады 2012 — топтық турнир 2013 — 2019 — іріктеуден өте алмады
Сілтемелер
Ресми сайты Профилі
Санат:Ливия Ұлттық футбол құрамасы