Эстония Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол жарыстарында Эстонияның намысын қорғайтын құрама. УЕФА және ФИФА мүшесі. Басқарушы орган - Эстония Футбол қауымдастығы. 1924 жылы жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан.

Эстония Еуропаның барлық ұлттық құрамаларымен тым болмаса бір реттен ойнап шыққан жалғыз құрама.

Әлем Чемпионаттарында Әлем чемпионаттарының іріктеуіне жеті рет қатысқан. Ең тәуір нәтижені 2006 жылғы ӘЧ іріктеуінде көрсеткен. Үшінші топқа түскен эстондықтар 12 матчта 17 ұпай жинаған.

Еуропа Чемпионаттарында ЕУРО іріктеулеріне 1994 жылдан бері қатысып келеді. Финалдық турнирлерге қатыса алған жоқ. Ең жақсы нәтижені ЕУРО-2012 іріктеуінде көрсетті. 10 кездесуде 16 ұпай жинады.

Атақты футболшылары Сергей Парейко Мартин Рейм Андре Опер

Жейделер

Сыртқы сілтемелер Эстония құрамасы ФИФА сайтында

Санат:Эстония Ұлттық футбол құрамасы