Кипр Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол жарыстарында Кипрдің атынан сынға түсетін ұлттық құрама. УЕФА және ФИФА мүшесі. 2018 жылғы 18 қаңтар күнгі есептеу бойынша ФИФА рейтінгінде 92-ші орында. Тарихы Әзірше әлем және Еуропа чемпионаттарының финалдық турнирлеріне қатысқан емес. Бірақ жылда ақпан айында бұл елде Кипр Футбол Қауымдастығының кубогы ойналады. Турнирге әлемнің түрлі құрамалары қатысып, оқу-жаттығу жиындарын да өткізеді.

Көптеген жылдардан бері Әлем және Еуропа чемпионаттарының іріктеу турнирлеріне қатысып келеді. Ең жақсы өнер көрсеткен турнирі - ЕУРО-2016 іріктеуі. Соңғы турда Босния және Герцеговина құрамасын кез-келген есеппен ұтса болды, плей-офф кезеңіне жолдама алатын еді. Алайда Кипр құрамасы өте маңызды ойында ұтылып қалды.

ЕУРО-2000 іріктеуінде де жаман ойнаған жоқ. Испанияның өзін 3:2 есебімен ұтып кетті. Бұл осы циклдегі жалғыз жеңістері болса да, соңғы турға дейін екінші орыннан үмітін үзбеген еді. Бірақ Бұл жолы да Аустрия құрамасын ұта алмады. Стадионы Өз алаңындағы матчтарын 1999 жылы пайдалануға берілген ГСП стадионында өткізеді. Мемлекет орталығы Никосияда орналасқан бұл стадионға 22000 адам сыяды. Стадионның атауы «Га Си Пи» (Панкипр Гимнастикалық Қауымдастығының стадионы") сөздеріндегі бас әріптерден құралған. Сондай-ақ, бұл стадионда АПОЭЛ, "Олимпиакос", "Омония" клубтарының да өз алаңындағы матчтары ойнатылады.

Құрамы 9 қыркүйек 2019 №ОйыншыТуған күніМатчГолКлубҚақпашыларКонстантинос Панаги8 қазан 1994 200ОмонияУрко Пардо28 қаңтар 1983 70Алки ОроклиниНеофитос Михаил16 желтоқсан 1993 00ПАС ЯнинаҚорғаушыларГиоргос Меркис30 шілде 1984 501АПОЭЛКонстантинос Лайфис19 мамыр 1993 323Стандард ЛьежХамбос Кириаку9 ақпан 1995 220АполлонИоаннис Кусулос14 шілде 1996144ОмонияНиколас Иоанну10 қараша 1995 140АПОЭЛГиоргос Василиу12 маусым 1984 110АполлонПанайотис Захариу26 ақпан 1996 21Олимпиакос НикосияКонстантинос Минтиккис14 шілде 1989 10Докса КатокопиасАндреас Каро9 қыркүйек 1996 00СалернитанаЖартылай қорғаушыларГеоргиос Эфрем5 шілде 1989 464АПОЭЛКостакис Артиматас15 сәуір 1993 351АПОЭЛГригорис Кастанос30 қаңтар 1998 211ПескараФотис Папулис22 қаңтар 1985 82АполлонЭнтони Георгиу24 ақпан 1997 80Ипсвич ТаунМатия Шполярич2 сәуір 1997 50Алки ОроклиниИоаннис Кости17 мамыр 2000 40Неа СаламинаИоаннис Питтас10 шілде 1996 40АполлонМихалис Иоанну30 маусым 2000 20Анортосис ФамагустаДжек Ролес26 ақпан 1999 00Кембридж ЮнайтедШабуылшыларПиерос Сотириу13 қаңтар 1993 379Копенгаген

Дереккөздер

Сілтемелер Кипр Футбол Федерациясының сайты 1960 жылдан бергі барлық ойындары

Санат:Кипр Ұлттық футбол құрамасы