Грузия Ұлттық футбол құрамасы — халықапалық футбол жарыстарында Грузияның намысын қорғайтын құрама. Басқарушы орган - Грузия Футбол Қауымдастығы. Үйдегі ойындарын Борис Пайчадзе атындағы Динамо-Аренада өткізеді. Қазіргі бас бапкері - Вилли Саньоль (Франция)

Тарихы Кеңестің кезінде Грузияның бірнеше футболшылары әлемге танымал болған. Мәселен, Александр Чивадзе, Виталий Дараселия, Тенгиз Сулаквелидзе, Давид Кипиани.

Одақ тарқағаннан кейін де Шота Арвеладзе, Каха Каладзе, Леван Кобиашвили секілді мықты грузин футболшыларын әлем мойындады. Соған қарамастан құрама әзірше Әлем және Еуропа чемпионаттарының финалдық турнирлеріне қатыса алмай келеді.

ЕУРО-1996 іріктеуінде құрама 10 ойыннан 15 ұпай жинап, үшінші орын алды. Әзірше осы көрсеткіш іріктеу кампанияланрындағы ең тәуір нәтижелерінің бірі. Осы жетістігін ӘЧ-2002 іріктеуінде де қайталады. Бұл жолы 8 ойыннан 10 ұпай жинады.

2024 жылы Ұлттар лигасын ұтымды пайдаланып, оның аясында плей-офф кезеңінде Люксембург пен Грекия құрамаларын жеңіп, Грузия тарихында алғаш рет ірі турнирлердің ақтық кезеңіне жетті. Осы жетістіктің арқасында Грузия посткеңестік елдер арасында Еуропа чемпионатына өткен төртінші ел болды: оған дейін Украина, Ресей және Латвия турнирге қатысқан.

Нәтижесінде Грузия Еуро-2024 жарысында "F" тобында бақ сынады. F тобында Грузия құрамасы алдымен Түркиядан ұтылды (1:3), содан кейін Чехиямен тең түсті (1:1), ал соңғы турда Португалияны жеңді (2:0) және топтан үшінші орыннан шықты. Джордж Микаутадзе Еуро-2024 топтық кезеңіндегі әр матчта гол соққан жалғыз футболшы болды. 1/8 финалда Грузия командасы Испанияға қарсы шықты. Алайда мықты қарсыласынан 4:1 есебімен есе жіберді.

Құраманың ардагерлері ПозицияОйыншыМатчЖЖ1Леван Кобиашвили1001996—20112Зураб Хизанишвили901999—20133Кахабер Каладзе831996—20114Георгий Немсадзе691992—20045Александр Иашвили671996—20116Гоча Джамараули621994—20047Шота Арвеладзе601992—20078Дато Квирквелия592003—20149Леван Цкитишвили581995—200910Георгий Деметрадзе561996—2007 Құрама мергендері ПозицияОйыншыГолЖЖ1Шота Арвеладзе261992—20072Темури Кецбая171994—20033Александр Иашвили151998—20114Георгий Деметрадзе121996—2007Леван Кобиашвили121996—20116Михаил Кавелашвили91994—20027Георгий Кинкладзе81992—2005Давид Сирадзе82004—20119Арчил Арвеладзе61994—2002Гоча Джамараули61994—2004 Дереккөздер

Санат:Грузия Ұлттық футбол құрамасы