«Сутьеска» () — Черногорияның Никшич қаласындағы футбол клубы. Өз алаңындағы ойындарын Край Никшич атындағы стадионда өткізеді.

Тарихы 1927 жылы құрылды. Алғашқы атауы — SK Hajduk. Екінші дүниежүзілік соғыстың алдында SK Hercegovac деп аталды. Соғыс аяқталған соң қазіргі атауына ие болды: Сутьескадағы соғыста ерлік көрсеткен югославиялық партизандардың құрметіне атауы осылай өзгертілді.

Югославияның бірінші лигасында тұңғыш рет 1964 жылы ойнады. Жоғары лигада ойнаған черногориялық екі клубтың бірі саналады.

Алғаш қатысқан еуро турнирі — 2003 маусымдағы Интертото кубогы. 2009-10 маусымда Еуропа Лигасында ойнауға мүмкіндік алды.

2013 жылы тұңғыш рет мемлекет ченмпионы атанды.

Жетістіктері

Черногория чемпионы (6): 2012/13, 2013/14, 2017/18, 2018/19, 2021/22, 2025/26

Черногорияның күміс жүлдегері (2): 2005/06, 2014/15

Черногорияның қола жүлдегері (1): 2008/09

Черногория кубогы (2): 2016/17, 2022/23

Дереккөздер

Cілтемелер Ресми сайты Санат:Черногория футбол клубтары Санат:1927 жылы құрылған футбол клубтары