Энтони Александр (Тони) Адамс (; 10 қазан 1966, Ромфорд, Лондон) — ағылшын футболшысы, қорғаушы, кейін бапкерлікпен айналысты. Англия Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.

Футболшы жайлы фактілер Бүкіл карьерасында «Арсенал» клубында ойнаған. Клуб тарихындағы ең үздік қорғаушылардың біріGunners' Greatest Players — 3. Tony Adams . Команда сапында 500-ден аса ойын өткізген. Алғашқы ойынын 1983 жылы 5 қарашада "Сандерлендке" қарсы өтікізді. 2002 жылы мамыр айында қоштасу матчын өткізді. Онда "Арсенал" мен "Селтик" футболшылары ойнады. Ұлттық құрама сапында 1987-2000 жылдар аралығында ойнады, 1998 жылғы әлем чемпионатына қатысты. 2000 жылғы Еуропа біріншілігінен соң құрама капитаны Алан Ширер құрамамен қош айтысты да, капитандық Адамқа бұйырды, бірақ сол жылдың соңында 34 жасар Адамс та құрамамен қоштасты. Ол ішкілікке жақындау болған. Және бұл тұрғыда "Арсенал" сапындағы жалғыз футболшы емес еді. Матчтардың бірінде тіпті стадиондағы жанкүйерлер «Drunk Guards» (Масаң қорғаныс) деген баннер де алып шыққан. 1998 жылы Адамс "Тәуелділік" атты кітап жазды. Онда 20 жасынан бастап қалай ішкілікке салынғаны жайлы баяндаған.

Жетістіктері

Командалық

Англия чемпионы (4): 1988/89, 1990/91, 1997/98, 2001/02 Англия кубогы (3): 1993, 1998, 2002 Футбол Лигасы кубогы (2): 1987, 1993 Кубок иелері кубогы: 1993/94 Англия суперкубогы (3): 1991, 1998, 1999

Жеке Англияның үздік жас футболшысы: 1987 Англия чемпионатының символикалық құрамы (3): 1994, 1996, 1997 Британия империясы Ордені

Дереккөздер

Санат:Англия футболшылары Санат:Арсенал Лондон ФК ойыншылары Санат:Англия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Англия футбол жаттықтырушылары Санат:Портсмут ФК жаттықтырушылары Санат:Гранада ФК жаттықтырушылары