Роберто Бонинсенья (; 13 қараша 1943 жыл, Мантуя) — италиялық футболшы, шабуылшы. Италия Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. 1970 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Италияның үш дүркін чемпионы. Кейін бапкерлікпен айналысып, Италияның бірнеше жастағы құрамаларын басқарды.
1970 жылғы әлем біріншілігінің финалында Бразилияның қақпасына 37-минутта гол соғып, есепті теңестірді. Бірақ Италия 1:4 есебімен ұтылып қалды.
1974 жылғы әлем чемпионатына да қатысты, бірақ бір ғана ойында алаңға шығып, гол соға алмады. Сол жылдың соңында құрамадағы карьерасын аяқтады. Жетістіктері Командалық Италия чемпионы: 1971, 1977, 1978 УЕФА кубогы: 1977 Италия кубогы: 1979 Жеке Италия чемпионатының үздік мергені: 1971 (24 гол), 1972 (22 гол) Италия кубогының үздік мергені: 1972 (8 гол) Сілтемелер Профилі Профилі Профилі calciatori-online.com сайтындағы мақала altervista.org сайтындағы мақала
Санат:13 қарашада туғандар Санат:Прато ФК ойыншылары Санат:Потенца ФК ойыншылары Санат:Варезе ФК ойыншылары Санат:Кальяри ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Эллас Верона ФК ойыншылары Санат:Италия футболшылары Санат:Италия футбол жаттықтырушылары