Амбруаз Ойонго Битоло (; 22 маусым 1991 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/184922, Ндикинимеки, Камерун) — камерундық футболшы, қорғаушы. 2017 жылғы Африка чемпионы.

Карьерасы Камерунның "Котон Спорт" клубының түлегі. Клуб сапында үш рет Камерун чемпионы атанды, КАФ Чемпиондар Лигасының жартылай финалына шықты.

2013 жылы командадан кеткісі келетінін мәлімдеген соң, "Лилль" клубы Ойонгоны өздеріне тартуға тырысты, бірақ трансфер болмады. Келесі жылы Ойонго "Нью-Йорк Ред Буллз" командасына ауысты.

2015 жылы Канаданың "Монреаль Импакт" клубына өтті.

2018 жылдың басында "Монпелье" футболшысы атанды.

Жетістіктері

Камерун чемпионы: 2010, 2011, 2013 Африка чемпионы: 2017 Қатысқан турнирлері

Африка Ұлттары кубогы 2015 Конфедерациялар кубогы 2017 Африка Ұлттары кубогы 2017

Дереккөздер

Сілтемелер sports.ru MLS player profile WestAfricanFootball.com profile mtnfootball profile

Санат:Камерун футболшылары Санат:Камерун Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Котон Спорт ФК ойыншылары Санат:Нью-Йорк Ред Буллз ФК ойыншылары Санат:Монпелье ФК ойыншылары Санат:Футболдан Африка чемпиондары