Самайдың беткі көктамыры () — бассүйек бүйіріндегі көктамыр. Ол бассүйек төбесінің бір бүйірінен басталып, маңдай көктамырымен, көзүсті көктамырымен, қарсы жақтағы тиісті көктамырлармен, артқы құлақша көктамырымен және қарақұс көктамырымен тұтасады. Ол соңында бетсүйек доғасының артқы түбірін кесіп өтіп, шықшыт безіне еніп, үстіңгі жақсүйек көктамырымен бірігіп, артқы бет көктамырын құрайды.

Құрылымы Ол шашақты тор формасында бассүйектің бүйірі мен төбесінен басталып, маңдай көктамырымен және көзүсті көктамырымен жалғанып, қарсы жақтағы тиісті көктамырлармен, сондай-ақ артқы құлақша көктамырымен және шүйде көктамырымен тұтасады.

Осы шашақты тордан маңдай және төбе тармақтары пайда болып, бетсүйек доғасының үстінде қосылып, қантамыр діңін құрайды, ол самай бұлшықетінен шығатын самайдың ортаңғы көктамырына тұтасады.

Сосын ол бетсүйек доғасының артқы түбірін кесіп өтіп, шықшыт безінің затына еніп, ішкі үстіңгіжақ көктамырымен бірігіп, артқы бет көктамырын қалыптастырады.

Салалары Беткі самай тамыры өз қан ағысын мына қантамырлардан алады: кейбір шықшыт көктамырларынан (parotid veins) Самай-шықшыт буыны арқылы буындық көктамырлардан (articular veins) Құлақ арқылы құлақтың алдыңғы көктамырынан (anterior auricular veins) Бет арқылы беттің көлденең көктамырынан (transverse facial vein)

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Норман анатомия дәрісі: 4 дәріс. The Parotid Region of the Face Tufts.edu -дің диаграммасы stchas.edu -дің димграммасы

Санат:Бас пен мойындағы көктамырлар