Магомед Мустафаевич Оздоев (5 қараша 1992, Грозный, Шешенстан, Ресей) — ресейлік футболшы, Ресей Ұлттық футбол құрамасы мен "Зенит" клубының жартылай қорғаушысы.

Мансабы "Зенит" сапында 2018 жылдың ақпан айынан бері ойнап келеді. Оған дейін "Локомотив", "Рубин", "Терек" клубтарында доп тепті.

2018/19 маусым қорытындысында Ресей чемпионатының үздік 33 ойыншысының қатарына енді.

Ұлттық құрама сапындағы тұңғыш ойынын 2014 жылы қазан айында Әзірбайжанға қарсы өткізді. Тұңғыш голын 2016 жылы 15 қарашада Румыния қақпасына соқты.

Жетістіктері

Командалық

«Локомотив»

Ресей чемпионатының қола жүлдегері (1): 2013/14

«Зенит» (Санкт-Петербург)

Ресей чемпионы (2): 2018/19, 2019/20 Ресей кубогы: 2019/20 Ресей суперкубогы: 2020

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Ресей футболшылары Санат:Ресей Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Локомотив Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Рубин ФК ойыншылары Санат:Ахмат ФК ойыншылары Санат:Зенит ФК ойыншылары